Құлансаз Н.А. Тілендиевтің 100 жылдығына орай "Ғасыр маржаны" атты қойылым дайындады. Үйлесімді қойылған хореография лэд - экрандағы көзтартарлық мазмұнмен толықтырылған. Қойылымда 30 әртіс өнер көрсетеді және ұзақтығы 3,5 минутты құрайды.

Біз - Құлансазбыз! Әр қимылымызда заман рухы мен ұлтымыздың жаны бар.
Назарларыңызға Ұлы композитор Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің 100
жылдығына арналған қойылымымызды мақтанышпен ұсынамыз.

Нұрғиса Тілендиев шығармалары тек жай ғана музыка емес - онда елдің бірлігі мен күші жатыр. Осының бәрі біздің қойылымда көрініс табады. Жанды ноталар өз шеберін танып, сахнаға тіл бітіреді. Олардың ыстық қайраты, жанды тынысы залды кернейді.

Көрермен жүрегі мақтанышқа толып, қуанышқа бөленсе,онда біздің міндетіміздің орындалғаны!

Құлансаз!