Жаңа форматтағы концерт 2024 жылдың премьерасы

Полистилизм рухындағы "Құлансаз Stories" атты көп форматты концерті 2024 жылы қойылып, бірнеше қалада, соның ішінде Алматы қаласындағы "Concordia" концерт залында аншлагпен өтті. Қоюшы - режиссердің өзіндік идеясы мен әртістердің жан - тәнімен берілгендігінің арқасында қойылым көптеген жақсы пікірлерге ие болды.

Көрермендер әртістердің Франкфурт әуежайында елге қайта алмай қалған сәтіне "саяхаттап қайтты".

Сахнадағы хореографиялық әрекеттермен және бейне мазмұнымен толықтырылған әрбір музыкалық композиция толыққанды оқиғаға - cүйіктісіне, анасына, отбасына, Отанға деген махаббат хикаясына айналды.

Идея авторы, қоюшы - режиссер және хореограф - Медет Ағабылов.

View the embedded image gallery online at:
https://kulansaz.kz/kz/qulansaz-stories.html#sigFreeId6428b717ac