"Алатау әуендері" МКҚК-нің музыкалық топтардың жетекшісі, дәстүрлі әнші Мақпал Тоқтағанова, ақын, жырау Тұрымбет Салқынбайұлының 150 жылдығына орай Қызылорда қаласында өткен байқауда "Арнайы жүлдеге" ие болды. 


Қазақ халқының рухани жәдігерліктерінің ішінде мақтаныш етер бай мұрасының бірі - дәстүрлі әндер. Халқымыздың осынау рухани мұрасын дәріптеп, дамытуға үлес қосып жүрген жерлесімізге алдағы уақытта да тек биіктен көрінуін тілейміз.