Ұжымымыздың директоры Ұлпан Құдайбергенқызын бүгінгі туған күнімен құттықтаймыз! 
Таңдаған мамандығыңыздың қыры мен сырын шебер меңгеріп, бүгінде “Алатау әуендері” МКҚК ұжымының директоры лауазымында қалтқысыз қызмет етіп келесіз. Ұжым сіздей басшыны кішіге қамқор апке, үлкенге ілтипатты сіңілі, қатарластарына адал құрбы бола білген кең жүректі жан, еңбекте беделді маман, қаталдығы мен әділдігі жарасқан білікті де білімді көшбасшы ретінде үлгі тұтады.
Көңіліңіз көктемнің шуақты күніндей болып, жылы жүзіңізден күлкі кетпесін!
Таусылмас төзім мен сарқылмас сезімді серік етіп, мықты денсаулықтың арқасында отбасыңыздың ортасында баянды да бақытты ғұмыр кешуді тілейміз!
Құрметпен, “Алатау әуендері” концерттік ұжымы