2023 жылдың 11 сәуір күні 17:30 да Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылдық мәдениет үйінде “Алатау әуендері” концерттік ұйымының әншісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, актриса Гүлшат Тәкежанованың “Сүю бақыты” атты ән кеші өтті. Кешке Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор Рамазан Стамғазы, Қазақ әнін қайта құлпыртқан “Қоңыр” тобы, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаты Қарлығаш Биғазықызы өз өнерлерін көрсетіп, халықтың ыстық ықыласына бөленді!🎶❤️