Республика күні - ел тәуелсіздігінің бастауы! 

 

 

Бүгін ұлттық мерекеге орай Алматы облысы орталығында салтанатты жиын өтті. Барысында өңірімізді өркендетуге елеулі үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегі тиісті дәрежеде бағаланды. 

 

Облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев түрлі салада қызмет етіп, жетістікке жеткен мамандарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, мемлекеттік наградалар табыстады. 

 

Бірқатары «Парасат» және Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталса, бірқатарына III дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені, «Ерлік үшін» және  «Шапағат» медалі тағылды. Сонымен қатар, шара барысында Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы ұжымына жаңа автобус кілті табысталды. 

 

Ал жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Өңір өнерпаздары жиылған жұртқа мерекелік көңіл-күй сыйлап, патриоттық сарындағы ұлттық өнерді дәріптеді.

 

Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын! Ұлттық мереке ұлықтала берсін! ✊✊✊🇰🇿🇰🇿🇰🇿

 

#республика #күні#ұлттық#мереке#день#республики#