«Алатау әуендері» концерттік ұйымы Франция төрінде! Күні кеше Франция елінде әлемдік мәдениеттер фестивалі басталды. Халықаралық шараға 15-тен аса мемлекеттен барлығы 300-ден аса өнерпаз қатысуда. Әрқайсысы өз халқының мәдениетін танытып, тәжірибе алмасуда. 29-маусым мен 6-шілде аралығында ұйымдастырылып жатқан шарада «Алатау әуендері» ұйымының өнерпаздары көпшілікке қазақ елінің ұлттық өнерін паш етіп, төл мәдениетімізді дәріптеп жүр. Әлемдік сахналарда халқымыздың төл мәдениетін насихаттауға Алматы облысының өнерпаздары зор үлесін қосып келеді. Ұжым әртістеріне сәттілік тілейміз!