"Алатау әуендері" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ("Құлансаз") концерттік ұйымы Н.А. Тілендиевтің 100 жылдығына орай "Ғасыр маржаны" атты қойылым дайындады. Үйлесімді қойылған хореография лэд-экрандағы көзтартарлық мазмұнмен толықтырылған. Қойылымда 35 әртіс өнер көрсетеді және ұзақтығы 3,5 минутты құрайды. Оны композитордың мерейтойына арналған концерттік бағдарламаның пролог бөлімі ретінде қолдануға болады.
Қойылымды брондау үшін төмендегі нөмірге хабарласыңыз