Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен «Алатау әуендері» концерттік ұйымы Жамбыл облысы, Байзақ ауданының тұрғындарына ерекше музыкалық кеш тарту етті.

Ұлы композитор, біртуар тұлға Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған жаңа форматтағы «Құлансаз Stories» концерті Ал-Фараби мәдениет үйінде өтті.

Әуен мен жаңашылдықты үйлестірген бұл әсерлі кеш көрерменге шынайы эмоция мен рухани қуат сыйлады. Концерт барысында Нұрғиса Тілендиевтің мәңгілік мұрасына жаңа тыныс беретін шығармалар орындалып, тыңдарман жүрегінен жылы орын алды.