Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен «Алатау әуендері» концерттік ұйымы Тараз қаласында ұлы композитор, біртуар тұлға Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған жаңа форматтағы «Құлансаз Stories» концертін өткізді.
Іс - шара Баласағұн мәдениет сарайында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермен қауымға ерекше әсер мен рухани ләззат сыйлады.
Кеш барысында Нұрғиса Тілендиевтің бай мұрасын жаңаша қырынан танытқан музыкалық композициялар орындалып, тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді.