«Алатау әуендері» концерттік ұйымы Сыр өңіріне арнайы гастрольдік сапармен ат басын тіреді.

Ұлы композитор, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған жаңа форматтағы «Құлансаз Stories» концерті Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында өтті.

Қызылорда - тарихы терең, өнері мен мәдениеті бай өңір.

Сыр елі қашанда қонақжайлығымен, дарынды өнерпаздарға деген ерекше құрметімен танымал.

Бұл жолы да қызылордалық көрермендер «Алатау әуендері» ұжымын шынайы ықыласпен қарсы алып, ыстық қолдау көрсетті.