Қазақстанның Белгиядағы елшіліктің ұйымдастыруымен, Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен «Алатау Әуендері» концерттік ұйымы бүгін Еуропаға жолға шықты. Шығармашылық ұжым Брюссель қаласында өтетін Қазақстан мәдениеті апталығы аясында ұлттық өнерімізді халықаралық деңгейде таныстыру үшін сапарға аттанды. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық әріптестіктің 10 жылдығына және ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған бұл мәдени шарада біздің өнерпаздар 8–12 желтоқсан аралығында Еуропаның жүрегі – Брюссель қаласында ерекше концерттік бағдарлама ұсынбақ.











