Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен және Франциядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің шақыртуымен «Алатау әуендері» МКҚК ұжымы халықаралық мәдени сапарға аттанды. Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту, екі ел арасындағы достық байланысты арттыру мақсатында Париж қаласында өтетін «Village kazakh» («Қазақ ауылы») мәдени іс-шарасына қатысамыз. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі енді Еуропа төрінде кеңінен тойланбақ 10–12 сәуір 2026 Париж қаласы Қазақ өнері – әлем сахнасында!











