«Алатау әуендері» МКҚК «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің аспап әртісі Танат Саденов «MEN QAZAQPYN» Халықаралық дәстүрлі әншілер, термешілер мен күйшілер арасындағы телевизиялық мега жобаның облыстық іріктеу кезеңінен өтіп, 1/4 финалға жолдама алды.

 

Танат Саденов іріктеу кезеңінде күй аталымы бойынша 16 өнерпазбен бақ сынасып, қазылар алқасын өнерімен тамсандырып, үздік атанды.

 

«MEN QAZAQPYN» жобасының мақсаты — еліміздің түкпір-түкпіріндегі дәстүрлі әнші, термеші, күйшілердің басын бір арнада тоғыстырып, еліміздің әр аймағында қалыптасқан өнер мектептерінің таңдаулы туындыларын дәріптеу мақсатында атадан-балаға мұра болып келе жатқан төл өнеріміз — күй, жыр-термені дамытып, заманға сай жаңашаландырып, өскелең ұрпаққа насихаттау.