Қазанның үшінші жұлдызында Көксу ауданы, Балпық би ауылының Мәдениет үйінде мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.


Концертке арнайы шақырумен "Алатау әуендері" МКҚК-нің шығармашылық ұжымы қатысып, ауданнан жиналған ұстаздар мен көрермендерге өнерлерін паш етті.