Ұстаз – киелі ұғым. Осы ұлағатты сөздің астарында білімділік те, ақылдылық та, мейірімділік те, зерделік те жатыр. Ол мамандық иесінің тұлғалық қасиеті де алған атағында емес, оқушының сапалы білімі мен саналы тәрбиесімен өлшенетіні анық. Сол себепті де жылына бір келетін осындай айтулы күні ұстаз атаулыға құрмет көрсетіледі. Осы орайда, 5 қазан күні Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылының Мәдениет үйінде ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

 

Кербұлақ ауданының әкімі Бигелдиев Махаббат Сәдуақасұлының арнайы шақыруымен мерекелік концертке «Алатау әуендері» МКҚК-нің әртістері келіп қатысты.

Шара соңынан аудан әкімі, ұлағатты ұстаздар қауымына арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырып, салтанатты жиынды мерекеге айналдырған «Алатау әуендерінің» барша ұжымына зор алғысын білдіріп, барлықтарына тек шығармашылық табыстар тіледі.