Қазан айының 11 күні «Алатау әуендері» МКҚК «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамбілінің шығармашылық ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылау мақсатында кездесті. Кездесуді «Алатау әуендері» МКҚК-нің директоры Абзал Қуанышұлы жүргізді.

 

Ел Көшбасшысының  биылғы Жолдауы Қазақстан аза­мат­­тарының тұрмыс-ахуалын арт­тыруды көздеген әлеуметтік шара­лар жасау тұрғысындағы мақса­т­тар­ды белгілеп отыр.

 

Талқылау барысында, жастардың аса көңілдерінен шыққаны, 2019 жыл жастар жылы деп жариялануы болды. Барлығы бірауыздан, бұл мемлекет тарапынан жастарға көрсетілген қолдау деп түсінетіндерін айтып, өй ойларымен бөлісті.