21 наурыз күні Қапшағай қаласының жұртшылығы Әз Наурыз мерекесін тойлады. Түркі халқына тән бұл мереке күні — аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан - жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні — ұлыс күні» деп атаған.


Орталық алаңда өткен бұл мерекелік шараға қала әртістерімен бірге қала әкімі Қайнарбеков Талғат Қанатұлының арнаулы шақыруымен "Алатау әуендері" МКҚК "Құлансаз" фольклорлы-этнографиялық ансамблі де қатысты. 

View the embedded image gallery online at:
https://kulansaz.kz/kz/zhanaly-tar/115-754.html#sigFreeIdd784a13d0a