12.05.2021 жылы, сағат 16.00-де, «Алатау әуендері» МКҚК инстаграм парақшасында, ақиық ақын М.Мақатаевтың 90-жылдық мерейтойына арналған «Жазылар естеліктер мен туралы» атты онлайн концерті өтті. Концертте ақынның лирикалық өлеңдері оқылып, ақынның сөзіне жазылған «Сәби болғым келеді»,«Есіңе мені алғайсың»,«Боз орамал» т.б танымал әндерімен қатар, дәстүрлі әншілердің орындауында «Мұқағалиға арнау» орындалды. Толық нұсқасы инстаграм желісінде сақтаулы.