21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты кеште өнердегі әріптестеріміз елеулі еңбектері үшін облыс әкімі Амандық Ғаббасұлының қолынан арнайы марапаттармен марапатталды. Тәуелсіз еліміздің мәдени-рухани өркендеуіне, мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосып келе жатқаны үшін "Алатау әуендері" концерттік ұйымының бас балетмейстері Әсел Ержанқызы ҚР "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен және Алматы облысы әкімінің "Алғыс хатымен" жеке дауыстағы әнші Әділет Жексембі мен бас әкімші Меруерт Билібаева марапатталды. Құрметті әріптестер, мерейлі мерекелеріңізбен және марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Мәдениет пен өнеріміз өркендей берсін.
https://kulansaz.kz/kz/zhanaly-tar/136-21-mamyr-m-deniet-zh-ne-ner-yzmetkerlerini-k-sibi-merekesine-arnal-an-saltanatty-keshte-nerdegi-riptesterimiz-eleuli-e-bekteri-shin-oblys-kimi-amandy-abbas-lyny-olynan-arnajy-marapattarmen-marapattaldy.html#sigFreeIda392cb30be