Қазақстанның Белгиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен және Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен «Алатау Әуендері» концерттік ұйымының Еуропаға жасаған шығармашылық сапары өз мәресіне жетті.

Шығармашылық ұжым Брюссель қаласында өткен Қазақстан мәдениеті апталығы аясында ұлттық өнерді халықаралық аудиторияға таныстырып, арнайы әзірленген концерттік бағдарламасын ұсынды.

Бұл мәдени шара Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық әріптестіктің 10 жылдығына, сондай - ақ ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналды. 8 - 12 желтоқсан аралығында өткен концерттерде ұжым қазақ биі, әндері және ұлттық аспаптардың әуезі арқылы еліміздің бай мәдени мұрасын паш етті.

«Алатау Әуендері» ұжымының халықаралық деңгейдегі өнер көрсетуі қазақ мәдениетінің жаңа белеске көтерілуіне үлес қосты.