Париж төрінде — қазақ өнерінің шарықтаған сәті! Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен және Франциядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің шақыртуымен «Алатау әуендері» МКҚК ұжымы бүгін Париж қаласында өткен «Village kazakh» («Қазақ ауылы») мәдени іс-шарасында керемет өнер көрсетті. Қазақтың әуені мен ұлттық нақышы Еуропа көрерменін тәнті етіп, ерекше рух пен жылулық сыйлады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігі атынан Гүлсара Арыстанқұлова Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің ашылу салтанатына қатысып, жылы лебізі мен ақ тілегін білдірді.