Арайлы Ақтөбе Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен келген өнер ұжымын ыстық ықыласпен қарсы алды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің келісімімен, «Роза Бағланова» атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы РМҚК бекітуімен облыстардың концерттік ұйымдары мен филармонияларының 2026 жылға арналған республика аумағындағы концерттік-гастрольдік картасы аясында, «Алатау әуендері» концерттік ұйымы Ғ. Жұбанова атындағы өнер орталығында «Құлансаз Stories» атты полистилизм бағытындағы кешін жоғары деңгейде өткізді.