Ақын, әнші, композитор Ақан сері Қорамсаұлы 180 жылдығына және халық композиторы, әнші, ақын, палуан Иманжүсіп Құтпанұлының 160 жылдығына арналған “Арқаның ән дариясы” респубдикалық дәстүрлі әншілер байқауында үздік өнер көрсеткен “Алатау әуендері” концерттік ұйымының дәстүрлі әншісі Ідірбай Байбақты I-ші жүлделі орын алуымен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылығыңыз шыңдала берсін, абыройлы болыңыз! Толағай табыс тілейміз