Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының арнайы шақыртуымен «Құлансаз» фольклорлық-этнографиялық ансамблі Түркия Республикасының астанасы – Анкара қаласында Ұлттық домбыра күнін ерекше атап өтті.
Анкара төрінде қасиетті домбыраның қоңыр үні әуелеп, халқымыздың төл өнері мен ұлттық мұрасы кеңінен насихатталды. Күй мен дәстүрлі ән арқылы қазақ мәдениетінің байлығы таныстырылып, түркі жұртының ортақ рухани құндылықтары дәріптелді.
Бұл – ұлттық өнеріміздің халықаралық деңгейде танылып, ел мәдениетінің мерейін асқақтатқан маңызды сәттердің бірі.
https://kulansaz.kz/kz/zhanaly-tar/355-ltty-dombyra-k-ni-ankarada-atalyp-tti.html#sigFreeIda36671270e










