Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблі Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының шақыртуымен Түркияның Токат қаласында өткен «Мәдениет мерекесі» халықаралық фестиваліне қатысып, ұлттық өнерімізді халықаралық сахнада таныстырды.
Фестиваль жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермен төл өнерімізді зор ықыласпен қабылдады. Дәстүрлі мәдениетіміздің мерейін үстем еткен бұл өнер сапары шығармашылық байланыстарды нығайтып, насихаттауға өз үлесін қосты.
Алматы облысы әкімдігіне, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына және Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымына қолдауы мен сенімі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
https://kulansaz.kz/kz/zhanaly-tar/357-lansaz-khaly-araly-festivalde-el-nerin-tanytty.html#sigFreeIda639752d85










