Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 24 ақпанында, Алматы қаласының Республика сарайында Маралтай Райымбекұлының "Мәңгілік ел-шежіресі даламның" атты поэзия кеші өтті. Аталмыш мерекеге "Алатау әуендері" МКҚК "Құлансаз" фольклорлы-этнографиялық ансамблі де қатысты.

«Алатау әуендері» МКҚК-ның әншілері мен бишілері ақпан айының 21 күні Алматы қаласы, Түркісіб ауданының әкімшілігімен бірлесіп, оқушылар сарайында кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне 30-жыл толуына орай мерекелік концерт ұйымдастырды.

Қаңтар айының 31 жұлдызында «Алатау әуендері» МКҚК-ның әртістері кәсіби шеберлік өткізді. Шарада ең үздік туындылар орындалып, қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің шеберліктерін көрсете білді.

Ағымдағы жылдың 18 қазан күні Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Алатау әуендері» МКҚК «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің, көрнекті композитор, Қазақстанның халық әртісі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Әсет Бейсеуовтың 80 жылдығына арналған «Ән әлеміндегі - Әсет» атты тақырыпта ІХ-концерттік маусымының ашылуы өтті.

"Алатау әуендері" МКҚК-нің музыкалық топтардың жетекшісі, дәстүрлі әнші Мақпал Тоқтағанова, ақын, жырау Тұрымбет Салқынбайұлының 150 жылдығына орай Қызылорда қаласында өткен байқауда "Арнайы жүлдеге" ие болды. 

17 қыркүйек

 

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында, Елордамыз Астананың 20 жылдығына арналған Алатау әуендері МКҚК "Құлансаз ФЭ ансамблінің жоспарға сәйкес концерті өтті. 

Қыркүйектің 15 жұлдызында Қапшағай жұртшылығы қала күнін атап өтті.