Жаңалықтар
21 наурыз күні Қапшағай қаласының жұртшылығы Әз Наурыз мерекесін тойлады. Түркі халқына тән бұл мереке күні — аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан - жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні — ұлыс күні» деп атаған.
















